Алаштың асқақ тұтар астанасы, қарт Семей мәдениет баспанасы

24.10.2018 жылы «Innovative College» мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С.Макаеваның ұйымдастыруымен «Алаштың асқақ тұтар астанасы, қарт Семей мәдениет баспанасы» атты аймақтық ақындар айтысы болып өтті. Айтысқа қаламыздағы №5, №32 мектеп оқушыларымен қатар колледж және университет қабырғасында білім алып жатқан жас ақындар қатысты. Қатысқан ақындардың жалпы саны 14. Бас жүлде: Айбек Жеңісқазин Шакарім университеті, 1 орын: Ерасыл Сарсенбаев Педколледж, 2 орын: Айшолпан Тілеутай Шакарім университеті, 3 орын: Қабдолла Бейісхан Шакарім университеті, 3 орын: Ғибрат Қабдразманов №32 мектеп оқушысы. Айтысқа қазылық еткен: қазылар алқасының төрағасы: Халықаралық, Республикалық айтыстар мен жыр мүшәйраларының жүлдегері, Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі Халықтық «Ой-сана» ақындар орталығының жектекшісі Серік Рысбекұлы. Мүшелері: Республикалық айтыстар мен жыр мүшәйраларының жүлдегері, «Тағылым өнер, білім мектебінің директоры Жанарбек Торайғыров. Шығыс Қазақстан облысындағы Республикалық «КТК» телеарнасының меншікті тілшісі, айтыскер ақын Ұлан Нұрахметов. Осы айтыс колледж іргетасы қаланғанына 15 жыл толуымен қатар «Қала күні» мерекесіне орай ұйымдастырылды.