ЖаңалықтарҚұттықтаулар

Құттықтаймыз

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген дана қазақтың ұрпағына білім нәрін сеуіп, тәрбие мен тәлім берер ұстаздар қауымы үшін «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгі – тынымсыз еңбегінің жемісі, үздіксіз үлесінің нәтижесі іспетті. Себебі, «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгі білім саласындағы үздіктердің үздігіне берілері хақ. Білім көшіне ілесіп, білім беру саласына тыңнан сүрен салған физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент “Innovative College” мекемесінің директоры Уразбаева Кумыс Тюлюмовнаға да жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ШҚО ТжКББ және кадрларлы даярлау бөлімінің жетекшісі К.А. Оспанғалиевтің қолынан Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды.

Аяулы ана, сүйікті жар, білімді ұстаз, білікті басшы Кумыс  Тюлюмовнаны марапатымен шын жүректен құттықтап, алар асуы көп болсын демекпіз.