Жаңалықтар

Киелі мекенге саяхат

      Қыркүйек айының 21-і күні колледждің 1-2 курс оқушылары мен Өлкетану бағдарламасы негізінде құрылған «Аманат» клубы мүшелері және қоғамдық пәндер бірлестігінің оқытушылары Хакім Абайдың туған жерімен және Жидебайдағы мұражайымен танысып қайтты.

      Студенттер сол заманғы зергерлік бұйымдармен, жиһаздармен, ең бастысы кемеңгер бабамыздың шығармашылық туындыларымен жете танысты. Студенттер қызықтырған түрлі сауалдарына жауап алып қайтты.

Қайтар жолда жаңадан ашылған Шәкәрім қажының мұражайын аралады. Өте үйлесімді етіп жабдықталған ғұламаның мұражайы көз тартарлықтай әдемі екен. Ғылыми қызметкердің баяндаған әңгімесінен кейін студенттер естелік суретке түсті.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен дәстүрлі саяхат студенттердің үлкен ризашылығымен аяқталды. Әлемді бас идірген Абай рухына тағзым ету патриоттық тәрбиенің бір бөлшегі деп айтуға болады.