Жаңалықтар

Құрметті студенттер, оқытушылар және колледж қызметкерлері!

Барлықтарыңызды білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Колледждің табалдырығын аттаған талапкерге білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отансүйгіштік рухтары мықты болуларын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Көздеген мұрат- мақсаттарыңа қол жеткізіп, армандарыңның орындалуына тілектеспіз. Баршаңызды білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

3 қыркүйек колледжіміздің салтанат залында мерекелік іс – шара аталып өтті. Салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.