Без рубрики

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫСЫ

Колледж студенттерінің өмірі қызықты және жан – жақты. Колледжде жастардың өз дарыны ашуы, шығармашылық қабілеттерін көрсетуі, өзге де бойында бар қабілеттерін ашып көрсетуі үшін барлық жағдайлар жасалынған.

Егер де Сіздің сабақтан кейінгі бос уақытты қалай тиімді ұйымдастыруға болатыны туралы идеяңыз болса №514 кабинетке келіңіз. Мұнда Сіздің пікіріңіз бен ұсыныстарыңызды мұқият тыңдайды, Сіз үшін қызықты іс таңдап тауып береді, Сіздің дарыныңызды қалай пайдалану керектігін анықтайды, неғұрлым қызықты студент жобалары Сіздің тікелей қатысуыңызбен жүзеге асырылатын болады. Клубтар мен қызығушылықтары бойынша бірлестіктер: «Болашақ» Студенттік Парламент, «Айбын» полицияға қолдау көрсету отряды, «Көңілділер мен тапқырлар клубы», «Финансист (Қаржыгер)» ғылыми – студенттік клубы, «Лингвист», «Аманат», «Фемида», «Жас өрт сөндіруші», «» «Алғырлар» зияткерлік дебат клубы, және т.б. Сізді жаңа ұсыныстарыңыз және жобаларыңызбен күтеді.

Егер де Сіз спортты сүйетін болсаңыз – спорт клубына келіңіз! Сіз үшін спорттық секциялардың есігі әрдайым ашық.

Спорт клубының секциялары: бокс, кір тасын көтеру спортыеркін күрес, волейбол (әйелдер, ерлер), қазақ күрес, шаңғы спорты, тоғыз құмалақ, шахмат, жеңіл атлетика, летнее жазғы көпсайыс, таеквандо, қысқы көпсайыс, гандбол, футбол, баскетбол (әйелдер, ерлер), мини-футбол (әйелдер, ерлер), қол күресі, үстел теннисі.

Жыл сайын колледжде көптеген қызықты мәдени – көпшілік іс – шаралар өткізіледі, олардың кейбіреулері дәстүрлі түрде өткізіледі, олар: бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау, «Колледж аруы», «Жігіт сұлтаны», «Қыз сыны», «VIP шоу», «Көктем Ханзадасы мен ханшайымы» байқаулары, «Алтын күз», Айтыс,  пәндік онкүндіктер мен апталықтар және т.б..

Егер де Сіз өз қабілеттеріңізді жүзеге асыру туралы әлі ойламаған болсаңыз немесе оған жеткілікті уақытыңыз болмаса, онда Сіз белсенді көрермен бола аласыз, колледжде және қала деңгейінде өткізілетін концерттерге, байқауларға, фестивалдарға көрермен ретінде қатыса аласыз.