Без рубрики

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.Жалпы ережелер

1.1 Оқушыларға аарналған өзін ұстау ережелері ҚР «Білім беру туралы» Заңы және Жарғыға сәйкес құрастырылған, онда оқушылардың колледж ғимаратында және оның аумағында өзін ұстау нормалары регламенттеледі.

1.2 Мақсаты:

–  колледжде әркімнің жан – жақты дамуына ықпаал ететін жайлы жағдайлар жасау;

– тұлға мен оның құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;

–   өзін ұстау және қарым – қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

  1. Оқушы құқылы:

2.1. мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес кәсіптік білім алуға, оның ішінде жеке оқу жоспарлары, жеделдетілген оқу курстары бойынша, шығындарын толық өтей отырып қосымша білім беру қызметтерін алуға; 

2.2. колледждің өмір сүру қызметіне қатысты мәселелерді талқылау мен шешуге қатысуға, оның ішінде өзін – өзі басқару органдары арқылы;

2.3. сенім, ақпарат еркіндігіне, өз көзқарастары мен сенімдерін еркін білдіруге; 

2.4. заңмен белгіленген тәртіппен колледж әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға; 

2.5. кітапхананы тегін пайдалануға; 

2.6. тегін медициналық көмек алуға және қызметті пайдалануға

  1. Оқушылар міндетті:

3.1. ішкі тәртіп ережелері мен жатаханада тұру ережелерін сақтауға; 

3.1. оқу барысында таңдап алған кәсіптері мен мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының талаптарын орындауға;

3.2. бекітілген кестеге сәйкес оқу сабақтарына қатысуға;

3.3. есептер мен емтихандарды белгіленген мерзімде тапсыруға, академиялық қарыздарын әкімшілік белгілеген мерзім ішінде жоюға; 

3.4. тәртіпті болуға, өзара сыпайылық ережелерін сақтауға,  оқытушылар құрамына, қызметкерлерге, өзге студенттерге құрметпен қарауға; 

3.5. колледж бөлмелерінде қалыпты, әңгімелесу, қарым – қатынас, іс – әрекет нормаларын саақтауға;

3.6. колледж студенттердің оқуы мен тұрмыстық жағдайы бойынша ұйымдастырған іс – шараларға қатысуға; 

3.7. оқу процессіне қатысушылардың пікірін зерттеу бойынша сауалнамаларға және өзге де іс – шараларға қатысуға; 

3.8. ішкі және сыртқы есептілікті дайындау бойынша іс – шараларға қатысуға; 

3.9. жергілікті желілерді, компьютерлерді және колледждің өзге де құрал – жабдықтарын пайдалану ережелерін сақтауға, сондай – ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

3.10. колледждің материалдық меншігіне ұқыптылықпен, мұқият қарауға (мүлкіне, құрал – жабдықтарына, оқу құралдарына, приборларына, спорттық құралдарына, кітаптарға және т.б.); 

3.11. колледждің барлық бөлмелерінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге; 

3.12. өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі, гигиена және санитария шараларын саақтауға, сондай – ақ эпидемияға қарсы іс – шараларды мерзімімен атқарып отыруға (колледж әкімшілігінің талап етуі бойынша жыл сайынғы диспансеризациядан өтіп отыруға);

3.13. колледж аумағында ҚР қолданыстағы заңнамаларымен, оқу орынының бұйрықтарымен, өкімдерімен және жергілікті актілерімен белгіленген қоғамдық тәртіпті сақтауға; 

3.14. өзге студенттердің осы нормаларды бұзуының алдын алуға, барлық тәртіп және оқу процессін бұзушылықтар туралы колледж қызметкерлеріне хабарлауға; 

3.15. оқу тәртібі мен іс – әрекет тәртібін бұзуымен байланысты жазбаша түсіндірмелер беруге; 

3.16. оқу процессі барысында да, сабақтан тыс жұмыстарға жататын іс – шаралар барысында да толеранттылық, өзара құрмет және тең құқылық принциптері негізінде өзге студенттермен бірлесе жұмыс жасауға.

4.Оқушыларға тиым салынады:

4.1. колледж аумағында студенттермен, колледж қызметкерлерімен, өзге де тұлғалармен қарым – қатынас барысында дөрекі сөздерді пайдалануға, дауыс көтеріп сөйлеуге, боқтық сөздерді қолдануға. Бұл тәртіп колледждің ақпараттық қорлары арқылы жасалатын қарым – қатынастарға, сондай – ақ қызметтік жазбалар мен жазбаша рәсімделетін өзге де құжаттарды жазуға таралады; 

4.2. оқушылардың белгіленген тәртіп ережелері мен колледждің ішкі тәртіп ережелерін бұзуға; 

4.3. «Темекі тартуға арналған орын» деген белгісі бар жерден өзге колледж бөлмелері мен аумағында темекі шегуге; 

4.4. колледж аумағына спирттік ішімдіктер (оның ішінде сыра) алып келуге және ішуге; 

4.5. колледж аумағына есірткі заттарын және улы заттарды әкелуге және пайдалануға; 

4.6. колледж бөлмелері мен аумағында маскүнемдік немесе нашақорлық мастану жағдайында болуға; 

4.7. мүлікті және құрал – жабдықтарды бүлдіруге, колледждің оқу – материалдық базасына зиян келтіруге; 

4.8. колледж бөлмелерінен мүлікті, құрал – жабдықтарды, өзге де материалдық құндылықытарды шығаруға;

4.9. тиісті құрылымдық бірліктердің рұқсатынсыз колледж бөлмелеріне өзімен бірге бөгде тұлғаларды алып келуге; 

4.10. оқу сабақтары барысында ұялы байланыс желісін пайдалануға; 

4.11. қоршаған ортаға, өз өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін кез келген әрекеттерді жүзеге асыруға; 

4.12. мәселені анықтау мақсатында дене күшін қолдануға; 

4.13. оқу процессіне кедергі келтіретін әрекеттерді жүзеге асыруға; 

4.14. діни, экстремистік және ұлтшылдық сипаттағы идеяларды насихааттауға; 

4.15. колледж аумағында тіпті тиісті рұқсаты болған жағдайда да өзімен бірге суық, жарақат салатын және оқпен ататын қару алып жүруге, оның ішінде «өзін қорғауға арналған» санатындағы қаруды аарнайы рұқсаты болған күннің өзінде алып жүруге; 

4.16. қоғамдық – саяси ұйымдарға (бірлестіктерге), партияларға, қозғалыстарға кіруге үгіт жүргізуге, сондай – ақ осы ұйымдардың колледж бөлмелері мен аумағында жұмысын ұйымдастыруға; 

4.17. рұқсат етілмеген митинглер мен демонстрацияларға қатысуға; 

4.18. құмар ойындар мен карта ойнауға;

4.19. қылмысқа немесе әкімшілік құқық бұзушылыққа ықпал ететін әрекеттерді жүзеге асыруға;

  1. Шаралар:

5.1. Осы Ережелерді бұзғаны, сондай – ақ колледждің ішкі тәртіп ережелерімен анықталған міндеттерді орындамағаны үшін оқушыларға қатысты келесі ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін:

  • директор бұйрығымен ескерту жасау;
  • директор бұйрығымен сөгіс беру;
  • колледжден оқудан шығару.

5.2. Оқушылар оқудан шығарылуы мүмкін:

  • академиялық үлгермеушілігі үшін;
  • оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін (оқу процессі кестесін орындамағаны үшін);
  • мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өтпей қалуына байланысты;
  • оқушы бас бостандығынан айырылуға немесе оқуды одан әрі жалғастыруы мүмкін болмайтын өзге де жазалау түріне сотталған жағдайда сот үкімі заңды күшіне енген кезден бастап құқыққа қарсы әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін;
  • өз өтініші бойынша;
  • өзге арнайы орта оқу орынына ауысуына байланысты.
  1. Сыртқы келбеті:

Оқушылардың сыртқы келбеті мұнтаздай таза болып, іскерлік стилдегі киім киуі қажет. Колледж бөлмелерінде сыртқы киім мен бас киім киіп жүруге тиым салынады (ұлдарға да, қыздарға да). Декольте бөлігін, қарынды, арқаны ашып тұратын киім киуге, сондай – ақ тым қысқа юбка киуге тиым салынады. Колледж аумағында шортыда, жағажайлық киімдер мен аяқ киімдер киіп жүруге тиым салынады.

 

  1. Оқу іс – шараларына қатысу ережелері:

Оқушы сабааққа оқу іс – шарасы басталардан 15 минут бұрын келуі тиіс (аудиториялық сабақ, есеп, емтихан және т.б.). Оқытушылар мен оқушыларға оқу сабақтарының басталуы мен аяқталуы туралы қоңырау хабар береді. Студенттер мен тыңдаушылардың қоңырау соғылғаннан кейін үзіліске дейін аудиторияға кіруіне тиым салынады. Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және онымен жапсарлас бөлмелерде оқу сабақтарының қалыпты барсысы үшін қажетті тыныштық пен тәртіп сақталуы тиіс. Оқу сабақтарыын бөлуге, оның өту барысында оқытушының рұқсатынсыз оған кіруге және шығуға, сабақ барысында тамақ пен сусынды пайдалануға тиым салынады. 

 

Колледжде өзін ұстау ережелері

Сіз  Колледжге түстіңіз. Сіз бііздің колледждің қабырғасында бірнеше жыл оқисыз. Және осы жылдар Сіз үшін пайдалы ғана емес, сонымен қатар жақсы әсер қалдыратындай және оны кейін сағынышпен еске аларлықтай болуы үшін сіз нағыз толыққанды студентке айналуға тиіссіз.

Кез келген корпоративтік ортаның ережелері, дәстүрлері, естелік даталары болады. Бііздің колледжде тек осы ерекшеліктер ғана емес, сонымен қатар жалпы мәдениет, тәрбиелілік, жақсы мәнер, өз айналасындағыларға құрметпен қарау үнемі жоғары бағаланып келеді – бұл қоғамның білімді ортасына ену үшін қажетті шарттар болып табылады. Этикет пен әдеп ережелерін сақтау – колледж студенттерінің санын толықтыратындардың барлығына қойылатын қатаң талап.

 

 Сонымен, Сіз колледжге бара жатырсыз

Әр түрлі көлік түрлерін пайдаланған кезде тек белгілі тәртіпке бағынып қана қоймай, сонымен қатар өзіңді әдепті ұстау мен қауіпсіздік ережелерін де сақтауға тиіссің. Трамвайға, троллейбусқа немесе автобусқа тек ол толық тоқтаған кезде ғана мініңіз. Жолда қасыңдағыларды иетмелемеңіз, рұқсатсыз итермелеп өтпеңіз, өзге жолаушылардың шығуына мүмкіндік беріп, жол беріңіз.

           

Сіз колледжге кірдіңіз

Колледжге жинақы, талаптарға сай киініп келу қажет. Сіз өзіңіздің би алаңына немесе спорт залына бара жатпағаныңызды ұмытпаңыз. Егер де Сіз сабақтан кейін дәл осы би алаңына немесе спорт залына баруды жоспарлаған болсаңыз, онда алдын ала қашан және қалай және қай жерде киім ауыстырып алуға болатынын ойластырыңыз.

Киім киуде субмәдениет өкілдеріне тән белгілерді пайдаланбаңыз (металл шынжыр тағу, түйреуіштер, заклепкалар тағу және т.б.), және тіпті күн ыстыық болғанның өзінде тым ашық киім кимеңііз (тым қысқа юбка, терең декольте, арқаны, иықты, белді ашып тұратын киім, шорты, түймелері төмен ашылып тасталған көйлек және т.б.). Пирсингті жиі пайдаланбауға да кеңес беріледі – барлық жағдайда талап өлшемдерін ұмытпаңыздар.

Колледж ғимаратына жақындаған кезде жақын маңнан қоқыс жәшігін қараңыз және оған ешбір қиналмастан барлық артық заттарды: пайдаланылған сағызды, темекі қалдығын, сусын бөтелкесін және т.б. лақтырыңыз – себебі арнайы жәшіктен өтіп кеткеннен кейін сіз оларды кез келген жерге лақтырып тастауыңыз мүмкін.

 

 

Назар аударыңыз

Темекіні тек оған арнайы бөлінген орындарда ғана тартуға болады. 
           

Есте  сақтаңыз

Есіктен бірінші болып оны аашқан адам кіреді, ал есікті оған ең жақын тұрған адам ашады.

Есікті ашқаннан кейін өзіңіздің артыңыздағы немесе қарсы жолыққан әйел адамдарды (егер де сіз ер адам болсаңыз), оқытушыларды (егер де сіз студент болсаңыз) босатыңыз).

 Күзетшінің қасынан өткенде тез арада оған рұқсат қағазын немесе студенттік билетіңізді көрсетіңіз. Тәрбиелі адам мұндай жағдайда күзетшімен амандасады! Егер де сіз киіміңізді гардеробқа тапсыратын болсаңыз гардеробта тұрған адаммен де амандасуды ұмытпаңыз.
           

Сыртқы есіктен аудитория есігіне дейін

Сонымен Сіз колледж ғимаратындасыз

Бірден бас киіміңізді шешіңіз!!! Кез келген түрдегі бас киімді!!!
            Аудиторияда

Сыртқы киімді гардеробқа тапсыру қажет – бұл ережені сақтауға тырысыңыз. Кез келген жағдайда колледждің барлық әкімшілік құрылымдарының есігінен сыртқы киіммен кіруге (директордың қабылдау бөлмесі, оқу бөлімі және т.б.), сондай – ақ тікелей аудиторияда шешінуге рұқсат етілмейді.
            Сабақ басталмастан бұрын міндетті түрде ұялы телефоныңызды сөндіріп қойыңыз! Бұл студенттерге де, оқытушыларға да қатысты және оқу сабақтарына ғана емес, сонымен қатар барлық ресми жиындарға, отырыстарға, кеңестерге, спектакльдерге, концерттерге және т.б. қатысты.

Сабақта сондай – ақ құлаққап пайдаланып отыруға рұқсат етілмейді.  
           

Есте сақтаңыз

  1. Сабақ өтіп жатқан кезде соғылған қоңырау немесе SMS – хабарлама алмасу маңызды тәртіп бұзушылық болып табылады ол үшін сізге оқытушының қарауы бойынша шара қолданылуы мүмкін. Егер де солай болса оған таң қалмаңыз және ашу шақырмаңыз: Сізге барлығы да ескертілді.
  2. Тіпті егер де дауыс сигналы өшірілген болса да телефонға соғылған қоңырауға жауап беру аудиториядан шығып кету үшін себепті жағдай болып есептелінбейді.

 Сабааққа кешікпей келу қажет. Студенттер аудиторияға оқытушыдан бұрын келуі тиіс . Оқытушы аудиторияға кірген кезде барлық студенттер орындарынан тұруға және тек оқытушы рұқсат берген кезде ғана қайта отырулары тиіс. 

Негізгі ережелерді есімізге түсірелік: тәрбиелі адам жасы немесе мәртебесі жоғары адам келген кезде үнемі орынынан тұрып сәлемдеседі, ал оқытушы студентке қатысты- әрі жасы үлкен, әрі мәртебесі жоғары. Сонымен қатар студенттер арасында ер балалар көп болса, оқытушылар арасында керісінше әйел адамдар көптеп саналады. 

Сонымен, аудиториялық сабақтар– толыққанды толысқан ер адамның алдында тұрған әйел адамның қасында отыратын бірден бір жағдайы, бірақ өзіңнің тәрбиелі екеніңді көрсетіп, ол кірген кезде тұрып сәлем беруге міндеттісің. 

  Егер де сіз кешігіп қалған болсаңыз сіздің әрекеттеріңіздің реттілігі келесідей болуы тиіс: есікті қағып, кешірім сұрап, кіруге рұқсат сұраңыз. Сіз рұқсат алдыңыз делік. Одан кейін тез шу шығармай, басқалардың көңілін өзіңізге аудармай ең жақын бос тұрған орынға отырыңыз да жұмысқа кірісіңіз. Егер де сізге кіруге рұқсат берілмеген болса, есікті ақырын жабыңыз және аудиторияға тек қоңырау соғылғаннан кейін кіріңіз.

Міне дәріс немесе тәжірибелік сабақ басталды. Осы уақыттан бастап бөгде шудан бастап қажетті заттарды іздестіру, қаламсапты шықырлату, тиындарды шылдырлату және т.б. жол берілмейді.

 Егер де Сіз оқытушыдан бірдеңе сұрағыңыз келсе, ол үшін бұрыннан қалыптасқан әдісті, қол көтеруді пайдаланыңыз.

 

 

Назар аударыңыз

Сабақ барысында аудиторияға бас сұғып өзге студенттерді шақыруға болмайды. Оқытушымен сөйлескен кезде жай ғана кешіріңіз дей салумен шектелмеу қажет Онымен аты – жөнін атап сөйлесу қажет!

Сабақта өзіңізді дұрыс ұстаңыз, студенттік позаны сақтап, тік отырыңыз, столға жатпаңыз, орындықтың арқалығына шалқаймаңыз, көршіңізге сүйенбеңіз.

Оқытушының Сізді кез келген тәртіп бұзушылығыңыз үшін, оған немесе топтың  оқуына кедергі жасады деп есептесе аудиториядан шығарып жіберуі мүмкін екенін есте сақтаңыз.

 

 Есте сақтаңыз

Айналаңдағылардың көзінше есінеу дұрыс емес. Әсіресе сабақта! Егер де Сіздің шынымен де есінегіңіз келген болса, онда ауызыңызды ашпай, ешбір дыбыс шығармай, ауызыңызды қолыңызбен жауып алып есінеңіз. Қасыңдағылардың көзінше жөтелуге, түшкіруге болмайды, қасыңда отырған адамға теріс қарап, ауызыңды немесе мұрыныңды қолыңмен немесе орамалмен жауып түшкіріңіз немесе жөтеліңіз.

 

Үзіліс кезінде

Еш уақытта да үстеелге, терезе жақтауына, тіпті қабырға бойымен тізерлеп отырмаңыз:

  1. бұл сүйкімсіз көрінеді;
  2. Физиологиялық жағынан зиянды;
  3. мұндай отырыс түрмеде отырғандарды еске түсіреді.

Тамақ пен сусын туралы

Біздің колледжде Сіз еш уақытта аш қалмайсыз. Тамақ пен сусынды буфетте ішу қажет – бұл этикеттің қатаң талабы. Студенттердің сабаққа өзімен бірге тамақ пен сусын алып келуіне, салқындатылған суды қоса есептегенде рұқсат етілмейді, сондай – ақ сағыз шайнауға рұқсат етілмейді, біріншіден бұл жұмысқа кедергі жасайды, екіншіден, тазалық сақтауға бөгет жасайды.

Ешқандай да тоқаш пен стақан, банка мен бутылка аудиторияларда да, кітапханада да, ол үшін арнайы бөлінген орындардан басқа колледждің өзге де бөлмелерінде болмауы тиіс.

 Буфетке сыртқы және лас киіммен кіруге болмайтынын есте сақтаңыздар. Асханаға кірерден бұрын қолыңызды жуыңыз. Әркім өз артынан ыдыс – аяғын жинап кетеді!

Тістің арасында тұрып қалған тамақ қалдықтарын тек тіс тазалағышпен, бірақ баршаға көрсетпей тазалау қажет. Салфеткалармен тамақ ішіп болған соң қолды сүрту қажет. Қағаз салфетканы пайдаланып болғаннан кейін тарелкаға салып қою қажет.

 

Буфет – оқу сабақтарына дайындалатын орын емес, ол үшін Сізге кітапханаға немесе оқу аудиториясына бару қажет!

 

Назар аударыңыз

Сізден спирттік ішімдіктің, оның ішінде сыраның иісі шығып тұрмауы тиіс. Колледж аумағында спирттік ішімдіктерді, оның ішінде сыраны пайдалануға қатаң тиым салынады.

 

Тағы да иіс туралы

Сізден ешқандай иіс шығып тұрмауы тиіс – тамақтың, судың, темекінің. Сондықтан да келесі ережелерді сақтау қажет:

  • Жеке гигиена мен киімнің тазалығын мүлтіксіз қадағалап отырыңыз, күнделікті душқа түсіңіз;
  • Колледжге немесе өзге де қоғамдық орындарға бара жатқанда жағымсыз иістің пайда болуына алып келетін азық – түлік пен сусындарды пайдаланудан бас тартыңыз (спирттік ішімдік, сарымсақ, чеснок, редька, ащы соус, консервленген балық және т.б.);
  • Деміңізді тазартатыын құрал үнемі жаныңызда болсын.

Тіпті ең қымбат әтірлер мен иіссуларды тым көп пайдаланбау қажет, әсіресе күндізгі уақытта. Иіссудың иісі тек 50 см дейінгі аралықта ғана сезілуі тиіс.

 

Сүйікті тәттілер туралы

Сағыз, оның санының тым көптігі ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Колледж қабырғасында және кез келген қоғамдық орындарда оны шектен тыс пайдалануға әуес болмау қажет.

Тағы да бір оны жақсы көретіндер тек үйінде ғана пайдаланып, колледж қабырғасына әкелуіне болмайтын зат – шемішке.

Есте сақтаңыз

Қалалыық жеке адам мәдениеті қоғамдық орындарда шемішке шағуды әдепсіздік деп таниды!

 

Тағы да ластық туралы

Колледжде кез келген қоқысты апарып тастау үшін қоқыс жәшіктері жеткілікті дәрежеде орнатылған, өз астыңызға түкіруге, қоқыс тастауыңызға, сағызды кез келген жерге жапсыруыңызға, қағаздарды, фаетиктерді лақтыруыңызға, темекі қалдығын қоқыс шәшігінің сыртына тастауыңызға болмаййды, мұның бәрі әдепсіздіктің көрінісі болып табылады.

 

Біз не туралы және қалай сөйлейміз

Өз сөйлеу мәнеріңізді бақылаңыз. Колледж қабырғасында боқтық сөздерді, дөрекі сөйлеу былай тұрсын өз қатарластарыңызбен сөйлескен кезде жол беріп қоятын кейбір сөздеріңізді оқытушымен сөйлескен кезде пайдалануға болмайтынын есте сақтаңыз.
            Ешкімді өзімсінуге жол бермеңіз, жаргон сөздер мен кірме сөздерді, паразит сөздерді («»типа, «блин» т.б.) пайдаланбауға тырысыңыз.

Дауыс көтермеуге тырысыңыз.

 Студенттер арасында студент пен оқытушы арасында және оқытушылардың өз арасында көпшілік көзінше ұрысысуға жол берілмейді. Өзін – өзі ұстай білу – мәдениетті адамның маңызды сапасы екенін есіңізден шығармаңыз.

           

Есте сақтаңыз

Жеке қатынастарды адамдар алдына жайып салып көрсету (құшақтасу, ұзақ сүйісу, бір бірінің тізесінде отыру және т.б.) айналағыңдағыларды ғана емес, сонымен қатар өздеріңнің де бір біріңді сыйламауларың болып есептелінеді.

Сонымен қатар бізде төбелесуге, тіпті қалжыңдап күресуге, күш сынасуға және сіздің өзіңіздің қайда жыылжып бара жатқаныңызды бақылай алмайтын кез келген қозғалысыңызға А еще у Нас не приняты драки, включая шутливые потасовки, и вообще любая возня, во время которой Вы не в состоянии проконтролировать, куда движетесь, на что и на кого можете налететь и т.д.

           Назар аударыңыз

Біздің колледждің қабырғасында құмар ойындарға тиым салынады!
            Көшелерде

Біздің колледждің барлық көшелері, сондай – ақ аудиториялар әдемі безендірілген. Мұның барлыңы – біздің колледждің имиджі, оны біз, барлығымыз да сақтауға тиіспіз. Ал портреттерге мұрт салу, жазбаларға қосымшалар тіркеу, қабырғаға, столға, парталарға ойып жазу – сапалы білім алғысы келетін саналы адамға емес, питекантропқа тән ойын. 

Кітапханада

Білім алғысы келетін әрқайсысы кітапханаға жол апаай кетпейтіні анық.

 Қазіргі таңда кітапханадағы ең үлкен мәселе шуламай, тыныштық сақтау болып отыр. Оқу залында мүмкіндігінше әңгімелеспеңіздер, егер де әңгімелесу қажет болып бара жатса, сыбырлап сөйлесіңіздер.

 Алынған әдебиеттерді ұқыпты ұстаңыздар және уақытымен өткізіңіздер. Әкімшілік пен кітапхананы өзіңізге қатысты әдебиетті жоғалтқаныңыз, бүлдіргеніңіз үшін қатты сезілетін экономикалық шаралар қолдануға мәжбүрлемеңіз.

Түрлі қоғамдық іс – шараларға қатысу

Іс – шараның басталуын әркім өз орынында отырып күтеді. Орынында отырған кезде атып тұруға, өз таныстарыңды айқайлап шақыруға, қол бұлғауға, бірнеше қатардан ары қолыңызды созуға болмайды. Өзіңіздің ұялы телефоныңызыды өшіріп қоюды ұмытпаңыз.
            Артиске қолдау көрсету мен қошаметтеу үшін қол соғады, бірақ осы кезде қолды тым қатты созудың қажеті жоқ. Барлық көрермен тыныш отырған кезде қол соғу орынсыз болады.

 Шығарма орындалып жатқан кезде өз әсеріңізбен көршіңізбен бөлісудің қажеті жоқ. Қалған көрермендер тынышталып қалған соң барып күлген де орынсыз . Егер де Сізге залдан көрініс аяөталмастан бұрын шығып кету қажет болса, оны өзгелердің назарын өзіңізге аудармай, тыныш, үзіліс кезінде немесе жаңа номерді хабарлап жатқан кезде істеңіз. Номер орындалып жатқан кезде шығу немесе кіру әдепсіздікті білдіреді!

Бір біріңізбен сыпайы болыңыз!!!

«Innovative Сollege» мекемесі студенттерінің колледж корпусында және қоғамдық орындардағы техника қауіпсіздігі ережелері.

  1. Терезе жақтауына отыруға және ашық терезеден бас шығарып қарауға тиым салынады.
  2. Баспалдақпен бірнеше баспалдақтан секіріп, жүгіріп түсуге, көтеріліп келе жатқандарды итермелеуге болмайды.
  3. Ертіс өзені арқылы көпірмен өткен кеезде қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.
  4. Аялдамаларда, қоғамдық көлікке отырар кезде қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.
  5. 21-00- сағаттан кейін көшеге шықпаңыздар. Жатаханада тұратындар жатахананың күн тәртібін сақтаңыздар.
  6. Электрмен техника қауіпсіздігін сақтаңыздар Электр энергиясын үнемдеңіздер. Сабақтан кейін аудиториядан шығарда терезелерді жауып, жарықты сөндіріп кетіңіздер.

ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!!!

Колледж – бұл кейбіреулеріңіз үш, ал енді біреулеріңіз төрт жыл тұратын өз үйлеріңіз. Ал үйді тек қабырғалары ғана безендірмейді, бірінші кезекте – онда тұратын адамдармен көрікті болады. Қонақтардың колледж туралы пікірлері кездейсоқ келген адамдар болсын, білім және мәдениет мекемелерінің басшылары болсын ең алдымен Сізге байланысты болады. Соңғы нәтижесінде Сіздің болашағыңыз да тек Сіздің өз қолыңызда екенін ұмытпаңыздар. Өз колледжіңізге, өздеріңіз таңдап алған жолға лайықты болыңыздар.