Без рубрики

КОЛЛЕДЖДІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

«Innovative College» мекемесі өткізіп беру актісіне сәйкес барлық құқықтар мен міндеттер бойынша 2003 жылы құрылған «Құқық және бизнес колледжі» мекемесінің құқықтық жалғасы болып табылады. Азаматтардың білім алу қажеттіктерін, рухани және материалдық емес қажеттіктерін қанағаттандыру және қоғамдық игіліктерге қол жеткізуге бағытталған өзге де мақсаттарға қол жеткізу мақсатындағы білімдік, әлеуметтік, мәдени және басқарушылық мақсаттарды жүзеге асыру үшінт құрылған коммерциялық емес мекеме болып табылады.

Заңды мекен – жайы: 071410 г.Семей қ., Жамбыл көшесі, 20,  тел (факс): +7 7222 30-40-20, E-mail: semey@innovativecollege.kz

Білім беру қызметін келесі негізде жүзеге асырады:

  • ШҚО білім беру басқармасы 2.02.2009 жылы берген АБ № 0067083 сериялы мемлекеттік лицензия, қызмет ету мерзімі – шектеусіз.
  • Әділет басқармасы 9.01.2009 жылы берген № 1859-1917-27-У-е, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
  • ШҚО әділет басқармасында 9.01.2009 жылы тіркелген, колледж құрылтайшысы, саясат ғылымдарының докторы, профессор Шырын Асылхановна Құрманбаева бекіткен колледж Жарғысы.

Колледж директоры физика – математика ғылымдарының кандидаты, доцент Кумыс Тюлюмовна Уразбаева

Колледжді мемлекеттік аттестаттау 2013 жылы өткізіілді (қорытындылары туралы ШҚО ДКО 12.06.2013 жылғы №191 бұйрығы)

Колледждің аты өзгертілгеннен кейін білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін мемлекеттік лицензия 2017 жылғы 12 қыркүйекте берілген, лицензия номері KZ60LAA00010179.

Оқу орынының бөлімшелері жоқ. Оқыту түрі: күндізгі және сырттай. Оқыту тілі: мемлекеттік және орыс.

Іс жүргізу колледждің іс номенклатурасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.