Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемесінде оқытудың осы қабылдау ережелері (бұдан әрі Ережелер) 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемесіне оқуға қабылдай тәртібін белгілейді (бұдан әрі – білім беру мекемесі.
«Innovative College» мекемесінде Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты түрде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасы Заңдарымен, халқаралық шарттармен, келісімдермен, сондай – ақ Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерімен жасасқан контрактілер негізінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар негізгі орта, арнаулы орта және бастауыш кәсіптік, жоғары білімі бар тұлғалар қабылданады. Өзге шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, І және екінші топ мүгедектері, тумысынан мүгедектер, мүгедек – балалар оқу орынына Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай – ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халқаралық шарттармен белгіленген тәртіппен қабылданады.
Техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар білім беру мекемесіне оқуға тиісті кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін қысқартылған оқу мерзімін қарастыратын оқу бағдарламасы бойынша қабылдануы мүмкін.
- Азаматтардың оқуға түсуге өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру, түсу емтихандарын өткізу және оқушылар құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады, ол өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды.
Білім беру мекемесінің қабылдау комиссиясының азаматтарды оқуға қабылдау бойынша жұмысынөңірлерге шығу арқылы ұйымдастыру мәселесі құрылтайшының келісімі бойынша шешіледі. Білім беру мекемесіне оқуға түсу кезінде Заңның 26 бабының 8 тармағында анықталған тұлғалар үшін қабылдау квотасы қарастырылады.
- Қабылдау ережелері туралы, сондай – ақ қабылдау комиссиясының өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру, түсу емтихандарын өткізу кестесін құрастыру, қабылдау нәтижелері туралы ақпараттары оқуға түсушілерге мерзімімен жеткізіліп отырады.
- Семей қаласының «Innovative College» мекемесіне оқуға түсуші азаматтардан өтініштер қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқу бөлімі бойынша 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Күндізгі оқу бөліміне түсу емтихандары 1 тамыздан 28 тамызға дейінгі аралықта, сыырттай оқу бөліміне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейінгі аралықта өткізіледі.
Колледждің қабылдау комиссиясы түсу емтихандарын (күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде) № 1 қосымша негізінде жүзеге асырады («мамандық атауы»)
- «Innovative College» мекемесіне оқуға түсуге өтінішпен бірге келесі құжаттар тапсырылады
- Білімі туралы құжатының түпнұсқасы,
- № 086 -У медициналық анықтама (І-ІІ топтағы мүгедектер, тумысынан мүгедектер үшін медико – әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындысы),
- 3×4 6 фотосурет,
- Ағымдағы жылғы жалпы білім беретін орта мектептердің түлектері – ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификат (ҰБТ сертификаты) немесе кешенді тестілеу сертификатын.
- Жеке басын куаландыратын құжаттар (жеке басының куәлігі, төлқұжат немесе туу туралы куәлік),
- Шарттық (ақылы) негізде түсушілер жеке тіркеледі және есептелінеді.
- ҰБТ нәтижелері туралы сертификат тапсырған азаматтар (жалпы орта білімі бар, бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысқан ағымдағы жыл түлектері) жинаған балл нәтижелері бойынша түсу емтихандарын тапсырудан босатылады.
- Өткен жылдар түлектері және қолында ҰБТ нәтижелері жоқ ағымдағы жыл түлектерімен түсу емтихандары кешенді тестілеу түрінде өткізіледі. Профильдік пәні сәйкес келмеген жағдайда колледж осы пән бойынша тестілеу өткізуге құқылы болады.
- Орта буын мамандарын дайындауды қарастыратын және мамандық профиліне сәйкес келмейтін жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімі бар техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары үш пән бойынша өткізіледі (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық саласы бойынша пән). Түсу емтихандары тестілеу түрінде өткізіледі, тест тапсырмаларының (сұрақтарының) саны әр пән бойынша 25 сұрақтан белгіленеді. Әрбір тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 баллмен есептелінеді. Үш пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут бөлінеді; негіізгі орта білімі бар тұлғалар негізгі жалпы білім беретін оқу бағдарламасы көлемінде екі пән бойынша тестіленеді (қазақ немесе орыс тілі және мамандық саласы бойынша пән), тестілеуге 1 сағат 30 минут бөлінеді. Түсу емтихандары тестілеу түрінде өткізіледі. Әрбір тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 баллмен есептелінеді. Дұрыс жауаптардың кодтары тестілеу өткізіле салысымен бірден ілініп қойылады.
- Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және пәндер бойынша тест тапсырмаларын (сұрақтарын) және емтихан материалдарын шешу кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында оқу орынында апеляциялық комиссия құрылады.
Тестілеу нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцию жасауға құқылы болады. Апеляцияға өтініш апеляциялық комиссияға тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір күн өткеннен кейінгі 13 сағатқа дейін қабылданады және апеляциялық комиссия өтініш берушінің қатысуымен бір күн ішінде қарайды.
- Пәндер бойынша тестілеу мен түсу емтихандарының жауаптарын беріп қоюға жол берілмейді.
- Азаматтарды «Innovative College» мекемесінің оқушылары қатарына тіркеу конкурстық негізде күндізгі оқу бөліміне 25 тамыздан 30 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне 15 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
Конкурс өткізіледі:
– ағымдағы жылғы бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллы негізінде (ҰБТ);
– кешенді тестілеу сертификаттарының баллы негізінде;
– «Innovative College» мекемесі өткізген пәндер бойынша тестілеу түріндегі түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алған баллдары (бағалары) негізінде.
Тіркеуге конкурс өткізу барысында ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатында көрсетілген үш пән бойынша баллдардың сомасы есепке алынады. Оқушылар құрамына қабылдауға тіркеу бойынша конкурсқа екі пәннен 25 баллдан төмен балл алған негізгі орта білімі бар тұлғалар және үш пәннен 35 баллдан төмен алған жалпы орта білімі бар тұлғалар жіберілмейді.
12.Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде (растайтын құжаттары болған жағдайда) жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, І және ІІ топтағы мүгедектерге, тумысынан мүгедектерге артықшылық беріледі.
«Innovative College» мекемесіне қабылдау мамандықтар, бөлімдер, оқу тілі бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық отырысында өткізіледі.
- «Innovative College» мекемесі қабылдаудың Типтік Ережелеріне сәйкес облыстық білім беру басқармасына белгіленген форма мен мерзімге сәйкес статистикалық есеп береді.
№1 қосымша
№ | Шифр | Мамандық атауы |
1 | 0201000 | «Құқықтану» |
2 | 0516000 | «Қаржы (сала бойынша)» |
3 | 0518000 | «Есеп және аудит (сала бойынша)» |
4 | 1304000 | «Есептеуіш техника және бағдарламамен қамтамасыз ету (түрі бойынша)» |
5 | 1305000 | «Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша)» |
6 | 0501000 | «Әлеуметтік жұмыс» |
7 | 0512000 | «Аударма ісі» |
8 | 1206000 | «Жол қозғалысын ұйымдастыру» |
9 | 1516000 | «Өрт қауіпсіздігі» |
10 | 1201000 | «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» |
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің 2012 жылғы
19 қаңтардағы № 130 бұйрығына
№ 2 қосымшадан көшірме
Орта кәсіптік білім беру мекемелеріне оқуға түсушілердің түсу емтихандары үшін мамандықтар профилі бойынша жалпы білім беретін пәндер тізімі
Код | Мамандық атауы | Профильдік пән атауы | |
9 сынып негізінде | 11 сынып негізінде | ||
0200000 «Құқық» | |||
0201000 | «Құқықтану» | Адам. Қоғам. Құқық | Жалпы тарих |
0500000 «Сервис, экономика және басқару» | |||
0516000 | «Қаржы» (сала бойынша) | Математика | Математика |
0518000 | «Есеп және аудит (сала бойынша)» | Математика | Математика |
0512000 | «Аударма ісі» | Шет тілі | Шет тілі |
0501000 | «Әлеуметтік жұмыс»
|
Қазақстан тарихы | Жалпы тарих |
1300000 «Байланыс, телекоммуникации және ақпараттық технологиялар.Электронды техника» | |||
1304000 | «Есептеуіш техника және бағдарламамен қамтамасыз ету (түрі бойынша)» | Математика | Математика |
1305000 | «Ақпараттық жүйелер» (қолданылу саласы бойынша) | Математика | Математика |
1200000 «Өндіріс, құрастыру, пайдалану және жөндеу (сала бойынша). Көлікті пайдалану» | |||
1206000 | «Жол қозғалысын ұйымдастыру» | Математика | Математика |
1201000 | «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» | Математика | Математика |
1500000 «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» | |||
1516000 | «Өрт қауіпсіздігі» | Математика | Физика |