«Ғажайып алаң»

07.06.2018 жылы «Языковед» үйірмесінің қорытынды кездесуі өткізілді. Іс-шараның 1 бөлімінде үйірме қатысушыларының арасында «Ғажайып алаң» ойыны ойнатылды. Бірінші турда «Қаржы-11» тобының студенті Мүбәрәк Асылжан, екінші турда «ЕТЖҚ-11» тобының студенті Имантаев Айдос және үшінші турда «ЕТЖҚ-11» тобының студенті Ергалиев Арман жеңіске жетті. Финалға шыққан 3 ойыншының арасында Ергалиев Арман жеңімпаз болды.

2 бөлімде үйірме жетекшісі Токбулатова А.Б үйірменің жұмысын қорытындылады және колледж директорының атынан студенттерді іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.