«Үздік құқықтанушы»

2018 жылғы 28 мамырда «Innovative College» мекемесінде «Үздік құқықтанушы» байқауы өткізілді. Іс – шара Сағидолла А.С. жетекшілік ететін «Құқықтану» үйірмесі мүшелерінің күшімен өткізілді. Іс – шара қызықты, жарысушы сипатта өтті. Қатысушылар 6 байқау шарттары бойынша терең құқықтық білімдерін көрсете білді. Ең белсенді қатысушылар, сондай – ақ байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Мадақтау қағаздарымен марапатталды.