Жаңалықтар

«Сап түзеу және ән айту» байқауы

2018 жылғы 04 мамырда ҚазИГЗУ АӘД базасында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы жеңіс күніне арналған «Сап тұзеу және ән айту» қалалық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты:

-жасөспірімдерді Отан қорғауға дайын болуға, Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеуге дайын болуға тәрбиелеу.

-Салауатты өмір салтын насихаттау.

-тұлғаның рухани және дене дамуына жағдай жасау  жасөспірімнің дене және психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру.

-ұлттық мәдениетті құрметтеуге баулу, бейбіітшілік және тұлғааралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру.

-біздің халқымыздың өткен кезеңдегі  әскери – патриоттық, ерлік істерін насихаттау.

Іс – шараға құрметті қонақтар ретінде мыналар қатысты: ҰОС ардагері- Коломин  Петр Михайлович, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің ардагерлері– ҚазИГЗУ қамқоршылар Кеңесінің мүшесі генерал-майор  Мартынов  Александр Алексеевичжәне отставкадағы полковник Коновалов  Александр Владимирович.

Қалалық байқауға қаланың келесі колледждерінің командалары қатысты:

  • Электротехникалық колледж;
  • Шығыс Қазақстан технологиялық;
  • Көлік олледжі;
  • КСК;
  • Бизнес және сервис колледжі;
  • Геологиялық – барлау;
  • Ж.Шайжүнісов атындағы электронды колледж;
  • Құрылыс колледжі;
  • .М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж;
  • Евразиялық колледж;
  • «Innovative college
    Өнер көрсету барысында қыздар және ұлдар командалары арасында взвод командирінің әрекеті, взвод құрамында сапта жүріп ән айту және саппен маршпен өту бағаланды.»

Қыздар командалары арасындағы байқау нәтижелері:

1 орын  – Бизнес және сервис колледжі;

2 орын  – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж;

3 орын  – Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі.

Ұлдар командалары арасында:

1 орын  – көп салалы колледж;

2 орын  – «Innovative college»;

3 орын  –  құрылыс колледжі.

Үздік взвод командирі номинациясы бойынша:

1 орын  – бизнес және сервис колледжінің взвод командирі;

2 орын  – М.О.Әуезов атындағы педколледждің взвод командирі;

Қатысушылар байқаудың өткізілу деңгейіне жоғары баға берді, «Сап түзеу және ән айту» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері  дипломдармен және кубоктармен, ал АӘД жетекшілері – Алғыс хаттармен марапатталды.3 орын  – көп салалы колледждің взвод командирі.