«Махаббат –мәңгі көктем»

15-сәуір «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мерекесі қарсаңында қаламыздағы «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары индустрияға!”  атты бағдарламасы негізінде білім алып жатқан Серпін жастары арасында ұйымдастырылған қалалық «Махаббат –мәңгі көктем» байқауына «ӨҚ-33» тобының оқушысы – Тлектес Жалғас пен «ӨҚ-31» тобының оқушысы Кенжебекова Азиза қатысып, колледж намысын қорғады. Қаламыздағы жоғары және арнаулы орта білім ордаларында білім алып жатқан Серпін жастары арасында өткен бәсекеде білімі мен өнері ұштасқан Жалғас пен Азиза «Ең үздік жұп» номинациясын иеленіп, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.