Жаңалықтар

«Көктем Ханзадасы мен Ханшайымы»

13.04.2018ж «Innovative College» мекемесінде І курс студенттері арасында 15-сәуір «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күніне орай «Көктем Ханзадасы мен Ханшайымы» атты  6 кезеңнен тұратын байқау ұйымдастырылды. Байқауға 6 жұп қатысып, өзара бақ сынасып, күш жарыстырып, білім сайыстырды. Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша оқ бойы озық шыққан «Қаржы-11» тобының оқушылары Оразов Мұқағали мен Шакенова Гулназ «Бас жүлде» иеленсе, «УА-12» тобынан Тұрғанбек Малика мен Ануар Шыңғыс жүлделі І орынды, «ПОВТ-11» тобының намысын қорғаған Бейсенғажы Еркежан мен Солтанбеков Рауан ІІ орынға табан тіресе, «ӨҚ-11» мен «Қаржы-13» топтарынан шыққан Мұхтар Жанайым мен Беделханов Дарын және Семейғазы Сылдырбай мен Қуанышова Дильназ ІІІ орынды өзара бөлісті. Байқауға белсене қатысқан «АҚЖ-11» тобының оқушылары Қабдрашит Ердос пен Төкенова Дильназ «Көрермен көзайымы» аталымына лайықты деп танылды.