Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!

Қазіргі жеделдетілген даму қарқыны жағдайларында қоғам  мемлекеттік қызметтерді көрсетілуін оңтайландыру және алу рәсімдерін оңайлатуын талап етеді. Осы міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасында  мемлекеттің барлық секторларында ақпараттық технологияларды қолдану бағытында одан әрі дамыту және кеңейту өткізіледі.
Бүгінде көптеген мемлекеттік қызмет түрлерін үйден шықпай-ақ алуға болады, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы қажет (бұдан әрі – ЭЦҚ). ЭЦҚ – бұл өз қолымен қойған қолдың аналогы, электронды құжаттың қағаз түрінде өз қолымыз қойылған, мөрмен бекітілгенге тең заңды күші болу үшін пайдалынады. Бірақ бұл аналог біздің қолымыздың көшірмесі түрінде емес, цифрлар комбинациясы түрінде. Өздеріңізге белгілі, біздің елімізде «электрондық үкімет» www.egov.kz порталы табысты жұмыс істеуде, ол барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына жол ашады. Ал интерактивті қызметті жүзеге асыратын осы ЭЦҚ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 10 қаңтар 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа жолдауында сервистерді және сандық форматтағы технологияларды ауқымды еңгізу қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шегінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» проектісін орындау барысында Колледждің құрылымдық бөлімшелері басқарушыларды әріптестерімізге осы ақпаратты жеткізулеріңізді және электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға шақыруларыңызды сұраймыз.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны Орталықтарындағы Ұлттық Куәландырушы Орталықтарының Тіркеу орталықтарында алуға болады, олар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан немесе www.egov.kz электронды үкімет порталында  онлайн сұраным беруге болады (жеке басын растау үшін ХҚКО келуі қажет болады).