Сіздерді Черноризца Храбра атындағы Варна Еркін университетінде (Болгария, Варна қаласы) 2018 жылдың шілде айында келесі мамандықтар бойынша шетелдік іс-тәжірибеден өтуге шақырамыз.
-Педагогика және психология
-Филология
-Информатика, Ақпараттық жүйе
-Экономика, Қаржы
Черноризца Храбра атындағы Варна Еркін университеті Болгария мемлекетіндегі ең үлкен мемлекеттік емес университет. Университет – болгар және шетел студенттері мемлекет үшін басым бағыттар бойынша білім алатын және халықаралық конверсия және бәсекеге қабілеттілігі бар ғылыми және академиялық өнім жасайтын танымал академиялық орталық болып табылады.
Черноризца Храбра атындағы Варна Еркін университеті Еуропалық университеттер ассоциациясының мүшесі (EUA), EMUNI желісінің мүшесі, Қара теңіз университеттері желісінің мүшесі, EURAXESS International Researcher Network мүшесі, Бірінші Балкан университетінде Ресейлік орталықты «Русский Мир» қорымен бірлесіп ашу жобасының серіктесі болып табылады.
Бағдарламаның ұзақтығы: 10 күн
Әр мамандық топтарында адам саны 10-нан аспауы тиіс
Бағдарламаның құны:
1 қатысушыға 320 Евро
Аталған соманың ішіне кіреді:
– Оқу ақысы;
– Варна Еркін университетінің жатақханасында тұру;
– Шетелдік іс-тәжірибеден өту туралы сертификат
Қатысушы тарапынан жеке төленеді:
Екі жаққа ұшу – 155 000 теңге
Виза- 60 Евро
Медициналық сақтандыру- 25 000 теңге
Қосымша ақпарат:
КазГЮИУ Бас ғимараты, 23 офис,
Тел. +7 (7222)36 03 63 (ішкі 124)
Шустова Елена Павловна,
Білім бағдарламаларын интернационалдау
орталығының басшысы
тел. +7 777 278 4073
Мусабаева Аяулы Алтынбековна,
Білім бағдарламаларын интернационалдау
орталығының маманы тел. +7 707 659 1275