Түлектердің жетістік тарихы

Санат Шогелов Галымович «КазГЮИУ түлектер қауымдастығының» атқарушы директоры болып қызмет атқарды

«Innovative College»-дегі студенттік жылдар – бұл  ең жақсы уақыт.

Студенческие годы в Innovative College – это лучшие времена

Санат Шогелов Галымович – 2010 жылғы «Құқықтану» мамандығының түлегі

2010 жылы КазГЮИУ оқуға түсіп, 2014 жылы оған заң бакалавры дәрежесі берілді.

Санат оқып жүрген кезінде өзін білім деңгейін көтеруге талпынып жүрген қабілетті студент ретінде көрсете білді. Колледждің қоғамдық және мәдени өміріне белсене араласты.

«Жас заңгерлер достастығы» қоғамдық қорында ерікті болып жұмыс істеп, кейін қор басшысы болды. Семей қ. жастары арасында әлеуметтік және құқықтық білімді насихаттауға, студенттер мен оқушылардың заңи мәдениетін көтеруге және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына атсалысты.

Санат студенттер арасында республикалық және аймақтық ғылыми конференциялар, конкурстар, турнирлер олимпиадалар, дөңгелек үстелдер өткізуге,  жастардың бос уақытын ұйымдастыруға, заң клиникасында әлеуметтік жағдайы төмен халыққа тегін  құқықтық көмек көрсетті.

«Жас заңгерлер мектебі» бағдарламасы бойынша тренинг курсын бітірді. ШҚО жастар істері Кеңесі құрамында болды.

Санат «КазГЮИУ түлектер қауымдастығының» атқарушы директоры болып қызмет атқарды.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!