Жаңалықтар

“Отбасы – балалардың рухани – адамгершілік және әлеуметтік денсаулығын нығайту факторы ретінде”

“Отбасы – балалардың рухани – адамгершілік және әлеуметтік денсаулығын нығайту факторы ретінде” тақырыбында 21.02.2018ж. колледжішілік ата-аналар жиналыс өтті. Жиналыстың күн тәртібі бойынша “Innovative College” мекемесінің бүгінгі таңдағы тынысы және болашаққа бағдары жайында Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әуесова Ж.Қ.,   2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша қорытындысы туралы күндізгі бөлім меңгерушісі Матенова Б.А. баяндама жасаса, Семей қаласындағы “Отбасы”орталығының психологы Лылык Николай Александрович қазіргі таңдағы отбасындағы орын алып жатқан психологиялық мәселелер, отбасының рөлі, ата-ананың жауапкершілігі туралы психологиялық  дәріс оқып, тренинг жүргізді.