«Астана- Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі»

27.02. 2018 жылы қалалық мәдениет сарайында «Астана- Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты облыстық ән фестивалі өтті. 2 кезеңнен тұрған фестивальға 17 номер колледждардан өтіп, іріктеу кезеңінсіз 3 қатысушы Семей қаласының саңырау, мылқау азаматтарына арналған клубының мүшелері өтті. Барлығы 20 қатысушы фестивальдің екінші кезеңінде өнерлерін көрсетті. Оның ішінде алыстан келген Абай ауданы Абай колледжінен, Тарбағатай ауданы Тарбағатай колледжі, Шемонайха қаласы Гуманитарлы-техникалық колледжін атап кетуге болады.

Фестиваль нәтижесінде Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы  Садырбаев Айдар Серікқазыұлының атынан  Семей қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Соғымбай Олжас Амангелдіұлы ұйымдастырушыларға рахметін, фестивальдің жоғары дәрежеде өткенін айтып Алғыс хатпен «Innovative College» мекемесінің ұжымын және директоры Уразбаева Күміс Төлеубекқызын марапаттады.

Семей қаласының саңырау, мылқау азаматтарына арналған клубының директоры Дәурен Жұмағалиұлы да үлкен ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен колледж директоры Уразбаева Күміс Төлеубекқызын және директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Касимова Айжан Мәулітқызын марапаттады.

1 – наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Жан жылуы» тақырыбында «Innovative College» мекемесінің оқушылары жинаған қаржылық көмек «Семей қаласының саңырау, мылқау азаматтарына арналған клубы» КҚМК-на фестиваль соңында табысталды.