Төртіінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

15.02.2018 жылы «Innovative College» мекемесінде «ҚР Президентінің «Төртіінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы және оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел болып өтті.

         Дөңгелек үстел жұмысына қаланың 12 колледжінен 28 оқушы қатысты. «Жолдаудың негізгі Ережелері» тақырыбында жалпыгуманитарлық пәндер оқытушысы А.Ғылымбай, «Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту» тақырыбында «ӨҚ -21» тобының оқушысы Балтабай Зангар баяндама оқыды.

         Дөңгелек үстелге қатысушылар белсенді түрде кейде тіпті қызуқандылықпен пікіір алмасты. Оқушылардың жетекшілері осы пікірталасқа кейде тіпті өздерінің де араласып кеткісі келгендерін айтты.

         Дөңгелек үстел қорытындысын талқылауға қатысқан оқытушылар іс шараны жоғары бағалап, колледж әкімшілігіне, іс шараны ұйымдастырушылар О.Г.Ешеноваға және А.М.Ғылымбайға үлкен алғыстарын білдірді.