Жаңалықтар

Мисс Баба Яга

13 ақпан 2018 жылы ШҚО Семей қаласының «Innovative Collеge» мекемесінде жалпыбілім беретін пәндер бірлестігінің 10-күндік аясында «Языковед» үйірмесі «Мисс Баба Яга» атты сайыс өткізді. Сайысқа үйірмеге қатысатын I курс оқушылары қатысты. Ең үздікті таңдау барысында  қатысушылар сайыстың 8 кезеңінен өтіп, өздерін әр-түрлі қырларынан көрсете білді. Олардың  темпераменті,эрудициясы,әртістік кабілеттері бағаланды.Сайыс қорытындысы бойынша «Мисс Баба Яга»-Оразбеков Ерсултан  «СР-12»тобы, «Мисс Артистичная»- Амерханова Жанерке«Қаржы-13»тобы, «Мисс Привлекательная»-Асқарбекқызы Фатима «Қаржы-11»тобы, «Мисс Очаровательная »-Қалиева Сабина «ӨҚ-11»тобы, «Мисс Проворная»-Қалиев Аян «ЕТжҚ-11» тобы,«Мисс Гламурная»- Рахимжанова Камиля «УА-12» тобы номинациялар бойынша марапатталды. Сонымен қатар сайысқа қатысушыларга естелік сыйлықтар табыс етілді.Сайысты қорытындылай келе әділ-қазылар «Языковед» үйірме жетекшісі А.Б.Токбулатованың кәсіби шеберлігін  ,педогогикалық біліктілігін  және оқушылардың шығармашылықтарын,олардың бір-біріне деген сыйластықтарын атап өтті.Сайыстың өтілу деңгейі туралы өзара іс-шаралар қатысу парағында жақсы пікірлер айтылған .