«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша облыстық ашық сабақ

05.02.2018 жылы «Innovative College» мекемесінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Макаева Алтынгуль Сапарбекқызы облыстық ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары қатысып, тәжірибе алмасты.

Оқытушылар сабақты талдау барысында, оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғанын атап өтіп, сабақтың өту барысын жақсы деп бағалады.