«Өз кәсібімді мақтан етемін!»

20.01.2017 ж. № 1 жалпы білім беретін орта мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында «Өз кәсібімді мақтан етемін!» тақырыбында байқау өткізілді. Байқауға ұсынылған кәсіптер арасында өрт сөндіруші кәсібі де болды. Соған байланысты мектеп оқытушылары « Innovative Сollege» мекемесінің  басшылығынан байқауды өткізуге қолдау көрсетуді сұрады. Колледж басшылығы байқауға қатысу үшін техникалық пәндер оқытушылары А.Н. Упиновты және А Н Тауыковты жіберді. Аталған оқытушылар шеберлік мектебін көрсетті және 250 оқушыны қамтыған жоғары сынып оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді