«Құқықтанушы» үйірмесі

«Жастарды қылмысқа итермелейтін не?» тақырыбында «Құқықтанушы» үйірмесінің онлайн ашық отырысы

 «Жастарды қылмысқа итермелейтін не?» тақырыбында үйірме жетекшісі Айгул Сағидоллақызының жетекшілігімен «Құқықтанушы» үйірме мүшелері  және ЖҚҰ-31, ЖҚҰ-21, Құқық-21, ӘЖ-31 топ студенттерімен ашық отырыс өткізілді.

Іс-шара барысында студенттермен «Құқықтанушы» атты  үйірме жұмысын ұйымдастырудың мақсаттары,  үйірме жұмысының жоспары сонымен қатар қазіргі кезде Жастарды қылмысқа итермелейтін  себептер және  адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастырылды.

«Құқықтану»үйірмесінің  «Заңды білу-заман талабы» тақырыбында онлайн арқылы өткізілген  сайыс

23ақпан 2021жылы «Құқықтану» үйірме мүшелері және «Құқық-21, ӘЖ-11,13» топ студенттерімен «Заңды білу-заман талабы» тақырыбында үйірме жетекшісі Сағидолла Айгул жетекшілігімен онлайн сайыс өткізді.Сайыс мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.Әрбір адамның өзінің конституциялық құқықтарын білу маңызы  айқындалды.

«Білікті заңгер» тақырыбында онлайн арқылы«Құқықтану»үйірмесінің пікір алмасу отырысы

25 наурыз 2021 жылы «Құқықтану» үйірме мүшелері және «Құқық-21,ПР-32» топ студенттерімен «Білікті заңгер» тақырыбында үйірме жетекшісі Сағидолла Айгул жетекшілігімен онлайн отырыс  өткізді.

    Отырыс  барысында  студенттерымен ПР-32 тобының студентты Тилеугазыева Дильназдың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында өткізілген «Білікті заңгер» байқауында 1 орын иеленгені үшін құттықтай отырып «Білікті заңгер» тақырыбында пікір алмастыру отырысы өтті. Осы отырыста келешекте білікті заңгер болудың қоғам алдындағы маңызы  айқындалды

«Құқықтану» үйірмесінің отырысы .

                 30 сәуір 2021жылы «Құқық-21», «Құқық -12» топ студенттерімен «Құқық  бұзушылықтың алдын алу»тақырыбында үйірме жетекшісі Сағидолла Айгул жас зангерлерменонлайн отырысын  өткізді.Отырыс  барысында Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары қарастырылды.
                Үйірме отырысында жасөспірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу, болдырмау және жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтаудың маңызы  айқындалды.