Үйірме «Ашық жүрек»

Такырып: Мейірімділік

Мақсаты: Студенттерді мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, әдеби сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту. Студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу кезек күттірмес мәселе. Негізгі міндет – студентердің жақсы әдет, мінез-құлқын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

«Ашық жүрек» үйірмесінің кезекті отырысы

«Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерін ұялату» тақырыбындағы тәрбие сағаты

Мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқушылардың ата-анасымен түскен суреттерінен слайдтар, әке, ана туралы мақал-мәтелдер, цитаталар: «Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды», «Ата-ананың қадірін білмеген –халық қадірін білмес».

 Адамзат баласы үшін қай заманда болмасын алдынғы орында тұратын ең басты міндеттердің бірі – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өскелең ұрпақтың салауатты әрі саналы тәрбиесінде басты рөлді отбасы мен мектеп атқарады. Тәрбие мақсаты қазаққа тәлім-тәрбие тағылымын да қояды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби ұлт тәрбиесі туралы еңбектерінің бірінде “Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”, – деген.

     Біздің бір ерекшелігіміз – қазақ қоғамында отбасылық тазалықты ертеректен және қазірде пайдаланып келеді.

      Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері екі нәрсеге баса назар аударған. Оның бірі – тілі, екіншісі әдет пен ғұрып. Тәрбие – бала дүниеге келген сәттен басталады деген сөздің жаны бар. Осы сөзді тірілтіп, тәрбие ана құрсағынан басталады деп айтқым келеді. Әрине бала бойында адамгершілікті қалыптастыруда ата-ананың рөлі ерекше болу керек.

       Сонымен қатар кейінгі кезде теледидар мен ғаламтор желісін жаулаған атыс-шабыс, ұрлық, зорлық-зомбылық туралы бейне фильмдер, компьютерлік ойындар, ұялы телефондар, кітап оқымау баланы рухани жағынан құлдыратады. Қазақтың ұлы ақыны Олжас Сүлейменовтің керемет сөзі еске түседі осы тұста. «Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы сөз».

       Қорытындылай келе айтқанда тәуелсіз мемлекетімізде білім берумен қатар ұлттық тәрбиені сіңірудің басты мақсаты жұртымыздың баянды болашағын қамтамасыз ететін, ерекше қасиеттерімізді бүкіл дүние жүзіне мойындататын, бойында елжандылыққа қоса халықтық құндылықтары бар және жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеу