«Программист» үйірмесі

«Программист» үйірмесі қыркүйек айынан бастап, жұмыс жасайды. Үйірмеде 10 білім алушы бар. Үйірменің мақсаты: студенттердің ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау; оқушыларға компьютердің мүмкіндіктері мен оны күнделікті өмірде қолдануға және компьютерлік сауаттылыққа үйрету.

«Программист» үйірме жұмысының алдына қойған міндеттері:

  • ақпарат және ақпараттық үрдістер туралы түсінікті қалыптастыру;
  • есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
  • ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

 

Осы мақсатқа жету үшін әр айдың соңғы дүйсенбісінде үйірме отырыстары болды. Білім алушыларға үйірменің мақсаты мен міндеті таныстырылды. Бірінші үйірме отырысында «Программист» тақырыбына зияткерлік ойын ұйымдастырылып, студенттердің қызығушылығын ояттым.  Әр үйірме отырысында білім алушылардың білімдері артып, патриоттық сезімдерінің, отансүйгіш қасиеттерінің артуына ықпал жасалынады.