«Бухгалтер» үйірмесі

«Бухгалтер» үйірмесі қыркүйек айынан бастап, жұмыс жасайды. Үйірмеде 10 білім алушы бар. Мақсаты: студенттердің ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау.

Осы мақсатқа жету үшін әр айдың соңғы жұмасында  үйірме отырыстары болды. Білім алушыларға үйірменің мақсаты мен міндеті таныстырылды. Бірінші үйірме отырысында «Бухгалтер»тақырыбына зияткерлік ойын ұйымдастырылып, студенттердің қызығушылығын ояттым.  Әр үйірме отырысында білім алушылардың білімдері артып, патриоттық сезімдерінің, отансүйгіш қасиеттерінің артуына ықпал жасалынады.